«Yessenov Party – 2022» студенттерге арналған кеш өтті

Ақтауда «Yessenov Party – 2022» студенттерге арналған кеш өтті

Ақтауда студенттерге арналған «Yessenov Party» кеші өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

«Маңғыстау арена» стадионында өткен шараның мақсаты – оқу ордасына жан-жақтан жиналған студенттердің басын қосып, біріктіру. Ортақ құндылықтарды дәріптеу.

Кеште университет басшылығы, шараның бас демеушісі К7 Group компаниясының өкілдері, ресми демеушілер, оқытушылар және студенттер жиналды.

Шара барысында ҰБТ бойынша ең жоғары баллға  ие болған 10 адамға студенттік билеттер табысталды. Сондай-ақ, сайлау арқылы анықталған студенттік кеңестің жаңа президенті Әлібек Ерғазы студенттерге таныстырылды.

Кеш одан әрі концерттік шарамен жалғасты. Онда қазіргі уақытта жастардың арасында танымал Introvert, Ziruza, Али Отенов сияқты әншілер ән салды.

Сондай-ақ, концерттік шарада «Talent Show-2022» жобасының финалында жеңіске жеткен студенттер өнер көрсетті.
Солардың бірі, аталған шарада ән салып, бас жүлде иеленген 1 курс студенті – Ясмин Біләлова. Айтуынша, әнші болуды бал кезінен армандаған.

-Бүгін Yessenov Party-да, өзім үлгі көретін танымал әншілермен бір сахнада ән салатыныма қуаныштымын. Бала күнімнен ән айтқанды жақсы көремін. Неше түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар да алып жүрдім. Биыл «Talent Show-2022» байқауында алғаш рет бас жүлде иелендім, дейді Ясмин Біләлова.

Айта кетейік, биылғы жылы бірінші курсқа түскен студент саны рекордтық деңгейге жеткен 2914 студенттің 1100-і мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған. Бұл университеттің 45 жылдық тарихындағы ең жоғарғы нәтиже. Олар Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Иран, Камерун, Нигерия, Украина, Түркіменстан, Ресей сынды жалпы 10-нан астам елден оқуға келгендер. Ал Алматы, Түркістан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда сынды еліміздің өзге облыстарынан 370-тен астам талапкер «Yessenov University-ді« таңдаған.