Талант Мауқанұлымен кездесу

АҚШ Вашингтон штаты, ең ірі теңіз порты болып саналатын Сиетл қаласындағы Washington университетінің Таяу Шығыс тілдері мен мәдениеті кафедрасының доценті Талант Мауқанұлы Yessenov University студенттерімен кездесті. 

Кездесу барысында профессор өзінің еңбек жолын баяндап, білім алушылардың  тіл үйрену, кездескен қиындықтары туралы сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ болашақ мамандарға ақыл-кеңесін айтты.