Түскі сұхбат

«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова облыстық «Маңғыстау» телеарнасының тікелей эфирінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Түскі сұхбат» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында қазақ танымындағы кеңістік пен уақыт, атқа міну мәдениеті, Ұлы жібек жолы, Түркі әлемінің генезисі туралы мәселелер қозғалып, алдағы зерттеу жұмыстары мен мәдени іс-шаралар туралы айтылды.