ТҰЛҒАЛАР – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

6 сәуір күні Yessenov University “Инжиниринг” факультетінің оқытушылары мен студенттерінің “ТҰЛҒАЛАР – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ” атты  өлкеміздің ардагерлерімен кездесуі өтті. 

Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды, оның аясында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды, ал кейбір жағдайларда кеңестер мен тілектер айтылды. Мұнайшы-геолог Қырымқұлов С.Е., еңбек ардагері Құмысқалиев Е. К., медицина ардагері Тұрарбеков Б. Т., ардагер-мұнайшылар Сағындықов Ө.С., Бижанов С.Ә., Кожыков Б. көпжылдық еңбек қызметі және сүйікті кәсібі туралы естеліктерімен бөлісті. 

Кездесу соңында құрметті қонақтар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға біздің аймақтың дамуының бастауында тұрған адамдарға назар аударғаны үшін алғыс білдірді.