Студенттермен кездесу

Yessenov University-нің Атриум залында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері студенттермен кездесті.
Өкілдердің қатарында Yessenov University ректоры – Ахметов Берік Бақытжанұлы, «Қаражанбасмұнай» АҚ Әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры – Себасов Марат Бакбергенович, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Сүгірбай Аят Исатайұлы және “Нұр Отан” партиясының бақылау бөлімінің меңгерушісі – Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы болды.
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері оның сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, студенттерге алдағы жауапты іс-шараға белсенді қатысуды ұсынды.