«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік!» атты концерт өткізілді

Yessenov University қабырғасында ұстаздар күніне орай «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік!» атты концерт ұйымдастырылды. Концерт басында алғашқы болып университет ректоры сөз алып, білім ордасының оқытушыларын айтулы мерекемен құттықтады. Оған қоса, бір топ оқытушыларды марапаттап, сыйлықтарын табыстады.
Концерт барысында университетіміздің талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салып, концерттік бағдарлама ұсынды.