Шаймардан Жасұлан бастаған делегацияның іс-сапары

22 сәуір күні Yessenov University-ге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен білім беру бағдарламалары бойынша әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында ШҚТУ ректоры Шаймарданов Жасұлан бастаған делегация келді. 

Делегация сапары барысында кампус-тур, «Білім беру бағдарламалары сапасының индикаторлары» тақырыбында семинар және студенттердің екі университететте де үздік бағдарламалар бойынша білім алып, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «ВостокМашЗавод» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (ӨТМК) мекемелеріне жұмысқа тұруы жөнінде талқыланды. 

Алдағы уақытта тараптар тиімді әріптестік орнатуды көздейді.