Экономикалық тергеу Департаментінің өкілдерімен кездесу

Yessenov University-де студенттердің арасында профилактикалық алдын–алу жұмыстарының жоспары бойынша «Инжиниринг» факультетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында қонақтар букмекерлік мен тотализаторларға, және т.б. құмар ойындарға жеңіл ақша табу ойымен ұтыс тігудің салдарын, сонымен қатар экономикалық тергеу саласында көптеген ақпараттар және заңдарды атап өтті.