Ректордың Базалық факультеттің студенттерімен кездесуі

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Базалық факультеттің 1 курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Кездесу барысында ректор білім беру жүйесі мен еңбек нарығы үшін жаңа сын-қатерлер мен білім берудегі негізгі трендтер туралы айтты.
Студенттер ЖОО түлегінің негізгі құзыреттіліктері туралы, болашақта жойылып кету қаупі бар мамандықтар және жыл сайын сұранысқа ие болып келе жатқан мамандықтар туралы ақпарат алды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.