Қара өлеңнің құлагері

8 ақпан күні Yessenov University “Бизнес және құқық” факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны, поэзия атасы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың  90 жылдығына орай университет білім алушылары арасында «Қара өлеңнің құлагері» атты байқау өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. 

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынмен – “Құқықтану” мамандығы студенті Тайыров Берекет, 2 орынға “Мемлекеттік және жергілікті басқару”мамандығының 2 курс студенті – Есенгалиева Фатима, 3 орынға “Экономика” мамандығының 1 курс студенті Алдабергенов Ақжігіт марапатталды. 

Сондай-ақ байқауға белсенділік танытып қатысқан білім алушылар алғыс хатпен марапатталды.