Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары

Семинар мақсаты – білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру.

Онлайн семинарға «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қ. А., ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Каныбеков С. М., Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сейдалиев А. А., «Yessenov University» оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Макулов Қ. Қ.қатысып өзекті мәселелер қозғалды.
Семинар барысында Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берілді.