Маңғыстау облысында туризмді дамыту стратегиясы аясында Yessenov University мамандар даярлауда.

Маңғыстау облысында туризмді дамыту стратегиясы аясында Yessenov University мамандар даярлауда.
Туризм және қонақ үй шаруашылығы мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында Rixos Water World Aktau мен Yessenov University 25 қараша күні Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандум негізінде дуалды білім беру жүйесі іске қосылмақ. Алдағы уақытта университет студенттерінің тәжірибелік сабақтары мен бірқатар дәріс сабақтарының аталмыш қонақ үй қабырғасында өткізілуі жоспарлануда.