B26.008

Теориялық механика

Course ID
B26.008
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
4
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты: механикалық қозғалыстың жалпы заңдарын және материалдық денелердің тепе-теңдігін зерттеу.
Бағыты: қарастырылатын механикалық жүйелер қозғалысының математикалық модельдерін құру алгоритмдері мен әдістерін оқу арқылы механика есептерін шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс қатты дененің статикасын; нүктенің және дененің кинематикасын; нүктенің және механикалық жүйенің динамикасын; аналитикалық механика элементтерін оқытады.

Оқыту нәтижелері

– статиканың негізгі түсініктері мен аксиомаларын, күш жүйесінің тепе-теңдік шарттарын және түрлендіру тәсілдерін қамтиды; нүктенің қозғалысын тапсыру тәсілдерін, қатты дененің қозғалыс түрлерін, нүкте динамикасының негізгі міндеттерін, динамиканың жалпы теоремаларын, аналитикалық механика негіздерін анықтайды.
– қатты денелерге әсер ететін күштер жүйелерінің тепе-теңдік теңдеулерін құру және шешу әдістерін; нүктенің және қатты дененің қозғалысының кинематикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін; нүктенің және жүйенің динамикасының жалпы теоремаларын, Даламбер принципін қолданады.
– нүктелер мен жүйелер қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін шешеді;
– нақты объектінің әр түрлі сұлбаларын салыстырады және олардың арасында логикалық негіздеумен оңтайлы нұсқаны таңдайды;