B24.034

Жер механикасы

Course ID
B24.034
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
6
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты: топырақ механикасының теориялық негіздерін, ғимараттарды тұрғызу кезінде сенімділігі мен үнемділігін қамтамасыз ететін топырақ механикасының заңдылықтарын қалыптастырады. Пән топырақ механикасының мәселелерін ашуға, негіздерді, іргетастарды жобалаудың, есептеудің, пайдаланудың маңызы мен жолдарын жетілдіруге ықпал етеді. Қысқаша мазмұны: құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайын бағалау; дисперсиялық топырақтың динамикасы, топырақ массивінде жұмыс істейтін топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.

Оқыту нәтижелері

деформациялар, олардың беріктігі мен орнықтылығы бойынша негіздердің теориялық және практикалық есептерін жүргізеді; топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеудің зертханалық әдістерін, топырақтың физикалық жай-күйінің негізгі сипаттамаларын, салынып жатқан құрылыстармен қойылатын инженерлік талаптарға байланысты топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін арттыру әдістерін білуін көрсетеді.