B04.026

Ықтималдықтар теориясы

Course ID
B04.026
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
5
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ықтималдықтар теориясы саласында базалық білімдерін, сондай ақ алынған білімді кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында қолданудың базалық практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны: ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары мен теоремалары; кездейсоқ шамалардың негізгі таралу заңдары, сондай-ақ кездейсоқ шамалар жүйелері және олардың сандық сипаттамалары, корреляциялық талдау әдістері.

Оқыту нәтижелері

ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын тұжырымдайды; кездейсоқ оқиғалар мен күрделі оқиғалардың ықтималдықтарын анықтаудың әдістері мен негізгі тәсілдерін сипаттайды; ықтамалдықтар теориясының шектік теоремаларын тұжырымдайды; кездейсоқ және күрделі оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикадағы негізгі ғылыми жетістіктерді қолданады; қоғамдық өмірде экономикалық мәселелерді өз бетімен зерттейді; кәсіптік мәселелерді шешу ісінде компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ықтималдықты объектілерді зерттеулер нәтижелері негізінде алынған ақпаратты өңдейді, талдайды.