B04.022

Дербес туындылы теңдеулер

Course ID
B04.022
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: дербес туындылы теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін меңгерту. Пән физикалық құбылыстарды математикалық физиканың теңдеулері арқылы модельдеу дағдыларын дамытуға, бағалай білуге ​​және оңтайлы шешім таңдай білуге ​​бағытталған.
Пән екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді зерттейді, олардың классификациясы (параболалық, гиперболалық, эллиптикалық типтердің теңдеулері).

Оқыту нәтижелері

дербес туындылы теңдеулердің негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, эллиптикалық, параболалық және гиперболалық типтердің теңдеулері үшін шекаралық есептердің тұжырымдамасын біледі және түсінеді; теңдеу түрін анықтай біледі, шеттік есептердің шешімін таба алады, теңдеулерін шешу әдістерін, физикалық процестерді модельдеуге теңдеулерды меңгереді және қолданады; алынған деректерді талдайды, ұғымдар арасындағы логикалық байланыстарды белгілейді, оларға сапалы талдау жүргізеді; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдардың дәлелдерін жүргізеді, негізгі сандық әдістерді қолдану алгоритмін жасайды; өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырады, оның нәтижесін өз бетімен бағалайды, зерттеу жұмыстарына жетекшілік ете біледі; заманауи технологияларды қолданып әртүрлі ақпараттарды қабылдай және өңдей білуге құзыретті болады.