B04.020

Бағдарлы мектептерде математиканы оқыту әдістемесі

Course ID
B04.020
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәнді оқытудың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзыреттіліктер жүйесімен қаруландыру. Бұл пән болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқыту нәтижелері

бағдарлы мектептерде математиканың оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын анықтайды, бейіндік оқытуды сипаттайды; оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруды, педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын, математикадаң есептерді шешу әдістерін меңгереді және қолданады; математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен өзара байланыс-тарын, сабақтарды талдау жолдарын және мектеп математика есептер жүйесінің әдістемелік ерекшеліктерін ажыратады және талдайды; жаңа педагогикалық технологиялар негізінде тиімді сабақ жоспарларын жасайы, кәсіби-педагогикалық дағдылары қалыптасады; пән бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу материалдарын қолдануға құзыретті болады, оқыту нәтижелерін объективті бағалайды.