B04.019

Негізгі мектепте математиканы оқыту әдістемесі

Course ID
B04.019
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
6
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәнді оқыту мақсаты: негізгі мектепте математиканы оқытудың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайының талаптарына сәйкес математиканы оқыту және тиімді оқытуды сындарлы ету үшін оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын кәсіби құзыреттілікті дамыту. Негізгі мектептегі білім беру мазмұнынының ауысу жағдайында оқу материалдарының мазмұнын іріктеумен байланысты, оқытудың құралдары мен заманауи әдістерін меңгереді.

Оқыту нәтижелері

математика пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын анықтайды және тұжырымдайды; жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын меңгереді және қолданады; жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесін талдайды; жобалық-зерттеушілік қызметін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып тиімді математика сабағын жобалауда кәсіби-педагогикалық дағдылары қалыптасады; пән бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсініп, оқу материалдарын қолдануға құзыретті болады.