Пәннің мақсаты: болашақ бакалаврдың ойлау образын қалыптастыру және стандартты емес тұжырымдаумен есептерді шешуге мүмкіндік беретін математикалық интуицияны дамыту. Курс модульмен, параметрлермен теңдеулерді және теңсіздіктерді шешу әдістерін зерделеуді, тригонометриялық, иррационалдық, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу бойынша оқушылардың білімін кеңейтуді және тереңдетуді қарастырады.
стандарт және стандарт емес математикалық есептерді шешудің жолдарын сипаттайды; математикалық есептерді шешу кезінде логикалық пайымдаулар мен қажетті зерттеу әдістерін қолданады; алынған мәліметтерді талдайды, тұжырымдамалар арасында логикалық байланыс орнатады, олардың сапалық талдауларын жүргізеді; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдардың дәлелдеулерін ұсынады; нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады және түсіндіреді.