B04.014

Векторлық талдау

Course ID
B04.014
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты – векторлық талдау аппаратын практикалық игеру; математикалық модельдеуде скаляр және векторлық функцияларды пайдаланудың негізгі принциптері бойынша студенттердің білім және дағдысын қалыптастыру. Мазмұны: векторлық теңдеулер; векторлық шамалары бар индекстік өрнектердің түрленуі; векторлық және скалярлық өрістерден дифференциалдық операторлар; көлемді, беттік және контурлық интегралдардың интегралдық теоремалары мен формулалары.

Оқыту нәтижелері

векторлық және тензорлық талдаудың теориялық негіздерін біледі, түсінеді; векторлық және тензорлық талдаудың теориялық негіздері туралы білімдерін кеңістіктегі үздіксіз таратылатын әртүрлі сипаттағы шамаларды (өрістерді) талдауда қолданады, әртүрлі физикалық курстарда туындайтын есептерді шешуде теориялық тұжырымдамалар мен практикалық әдістерді қолданады; бұрын алған білімдерін талдайды және жүйелейді, скалярлық өрістердің градиенттерін, дивергенцияны, роторды, векторлық өрістердің бетімен өтетін ағынын, скалярлық өрістердің лаплогиясын ортогональ және қисық сызықты координаттарда қолдана білуге дағдыланады; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдардың дәлелдемелерін жүргізеді; алынған нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады.