B04.011

Дискретті математика және математикалық логика

Course ID
B04.011
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: студенттерді математикалық логиканың алғашқы ұғымдарымен, дискретті математиканың негізгі бөлімдері және олардың қолдануларымен таныстыру. Пән студенттердің логикалық-комбинаторлық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің оқу бағдарламасына келесі маңызды бөлімдер енгізілген: айтылымдар мен предикаттар, жиындар мен қатынастар, комбинаторика, бульдік функциялар, графтар, кодтау теориясының элементтері.

Оқыту нәтижелері

дискретті математика және математикалық логиканың негізгі түсініктері мен әдістерін, тұжырымдар мен оларды дәлелдеудің әдістерін, оларды қолданудың негізгі бағыттарын сипаттайды; дискретті математика және математикалық логика есептерін шешудің негізгі әдістерін қолданады; математикалық пайымдауларды алгебра логикасы және предикаттар логикасы тілімен жазады; топта жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс дәлелдейді; математикалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істейді.