B04.010

Математикалық талдау 3

Course ID
B04.010
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
6
Credit
6
Method

Мазмұны

Мақсаты: математикалық талдау бойынша білімдерін кеңейту. Пән есептерді шешу әдіс-тәсілдері, қолданбалы математика элементтері бар теориялық негіздерді оқуға, барлық басқа арнайы пәндерді оқытуға негіз болатын білімді алуға бағытталған, қолданбалы есептерді шығарудағы ғылыми зерттеулердің құралы болып табылады. Зерттеу объектілері – көп айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері, қатарлар.

Оқыту нәтижелері

көп айнымалы функциялардың дифференциалдық және иентегралдық есептеудің негізгі ұғымдары, әдістерін, сандық және функционалдық қатарлары теориясын біледі, түсінеді; көп айнымалылы функцияларды дифференциалдап, экстремумға зерттейді, қатарларды зерттей алады, физикалық, геометриялық есептерді шешуде еселі интегралдар қолданады; пәнаралық байланысты орнатады, көп айнымалылы функциялардың интегралдау әдістерін меңгереді; зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттарды өңдеу, талдау және жүйелеуге арналған тиісті математикалық аппарат пен құралдарды сәйкестендіреді; алынған нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады.