B04.009

Математикалық талдау 2

Course ID
B04.009
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
5
Credit
6
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: математика және жаратылыстану циклінің пәндерінің негізгі бөлігін оқып үйрену, математикалық талдаудың негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгеру. Пәнді оқыту қолданбалы есептерді шешу үшін базалық математикалық білімді қолдану және математикалық талдау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Теориялық материал бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуін (анықталмаған және анықталған интегралдар) қамтиды.

Оқыту нәтижелері

бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеудің негізгі ұғымдары мен әдістерін біледі және түсінеді; анықталмаған интегралды әртүрлі әдістермен есептеп, қолданбалы мақсатта анықталған интегралды қолдана алады; бұрын алған білімдерін талдайды және жүйелендіреді, басқа математикалық пәндерді оқып-үйренуге, сонымен қатар маманның болашақ кәсіби қызметінде қажетті теориялық материалдарды меңгереді; практикалық ұсыныстарды қорытады, негізгі тұжырымдардың дәлелдеулерін жүргізеді, типтік басқару есептерін математикалық әдістермен шешу алгоритмін жасайды; алынған нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады.