B04.008

Алгебра және сандар теориясы 2

Course ID
B04.008
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
3
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: алгебра және сандар теориясы саласындағы жүйелі білімді қалыптастыру. Курс көпмүшелер алгебрасының негізгі принциптерін, әдістері мен нәтижелерін оқытуға бағытталған. Мазмұны: бір айнымалылы көпмүшеліктер сақинасы, көп айнымалылы көпмүшелер сақинасы, симметриялы көпмүшеліктер, 2 көпмүшенің результанты және дискриминанты және олардың алгебралық теңдеулер жүйесін шешуге қолданылуы.

Оқыту нәтижелері

көпмүшелерге амалдар қолдануды, көпмүшелерді келтірілмейтін көбейткіштерге жіктеу және олардың түбірлерін табу әдістерін, үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу әдістерін сипаттайды; екі көпмүшенің ең үлкен ортақ бөлгішін есептеу, көпмүшелерді келтірілмейтін көбейткіштерге жіктеу және олардың түбірлерін табуда көпмүшелікке математикалық амалдарды қолданады; тақырып бойынша теорияның дәлелдеулерін тұжырымдайды; тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыруға қабілетті; өз ойларын дұрыс және қисынды құрастыра отырып ауызша және жазбаша түрде нәтижелер туралы хабарлайды; қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді анықтайды және оларды шешудің оңтайлы тәсілдерін таңдайды.