B04.007

Аналитикалық геометрия

Course ID
B04.007
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
3
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты аналитикалық геометрияның іргелі ұғымдарын, теориялық заңдарын қолданып нақты мәселелерді шешу әдістерін меңгеру болып табылады.
Бұл пән барлық басқа да пәндерді, мысалы математикалық талдау курстарын, оқытудың негізі болып табылатын білімді қалыптастыруға бағытталған. Мазмұны: векторлар және оларға қолданылатын амалдар, жазықтықтағы түзулер мен екінші ретті сызықтар, кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар.

Оқыту нәтижелері

векторлық алгебра мен аналитикалық геометрияның іргелі (базалық) ұғымдары мен әдістері бойынша білімін көрсетеді; векторлық алгебра және аналитикалық геометрия аппаратын векторлық алгебраны қолдануға; үдерістерді сызықты немесе квадраттық тәуелділік түрінде көрсетіп, оларды екі және үш өлшемді кеңістіктердің аналитикалық геометрия әдістерімен зерттеуге байланысты теориялық және практикалық есептерді шешу үшін қолданады; қорытынды деңгейде пән бойынша құзыреттердің қалыптасуын көрсетеді; бағдарламада көзделген практикалық тапсырмаларды орындайды, алған білімдермен, іскерліктермен еркін жұмыс істейді, оларды аса күрделі жағдайларда қолданады; алгебра және геометрия әдістерімен есептерді шешу дағдыларын меңгереді.