B04.001

Математиканы оқыту әдістемесі

Course ID
B04.001
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
5
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімді мектеп математикасын оқытудағы біліммен қаруландыру. Пәнді оқыту студенттің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқушылардың математикалық оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы, олардың математикалық ойлауын дамыту туралы жалпы ережелерді меңгеруге бағытталған. Мазмұны: математиканы оқытудың пәні, мақсаты, принциптері, оқыту әдістері, құралдары, формалары, математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері, математиканы оқытуды ұйымдастыру.

Оқыту нәтижелері

математика бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және қамтамасыз ету бойынша негізгі нормативтік құжаттарды анықтайды және тұжырымдайды; математика сабақтарында оқытудың әдістерін, құралдарын, оқу үдерісін жүзеге асырудың нақты жағдайы есебінен оқу материалдарының мазмұнын таңдау ерекшеліктерін түсінеді, математиканы меңгеру үдерісінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қазіргі заманғы АКТ тиімді қолданады; басқа ғылымдармен өзара байланыстарын, математика бойынша сабақтарды талдайды, есептер жүйесінің әдістемелік ерекшеліктерін ажыратады; жаңа педагогикалық технологиялар негізінде тиімді сабақ жоспарларын және тексеру құралдарын жасайды; оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері арқылы объективті бағалай алады.