«Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы брифинг

24 мамыр күні сағат 10:00-де Yessenov University мәжіліс залында «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы брифинг өтеді.

Баяндамашы: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі, Конкурстық процедураларды ұйымдастыру департаментінің менеджері Стаева Ақбота

Брифингте “Болашақ” халықаралық стипендиясын алуға үміткерлерді іріктеу қағидалары, конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар, сондай-ақ “Болашақ” халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылады.