Білім күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар, студенттер, ата-аналар және барша қазақстандықтар! 

Сіздерді жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 

Біздің университет биылғы жылы оқуға түскен жаңа студенттерді, магистранттарды, докторанттарды қуана қарсы алады.

Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!