Білім алушы, ПОҚ және басқа қызметкерлер қойылатын талаптар.

Оффлайн оқыту кезінде короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы тиіс:

1)  ғимаратқа кіргенде дезинфекциялық тоннель арқылы өтіп, дене қызуын өлшету;

2)  ғимараттарға кіргенде және іште барлық уақытта бетпердемен жүру;

3)  қол дезинфекциясын жасау;

4)  барлық жерде әлеуметтік (1,5 метрден кем емес)  ара қашықтықты сақтап жүру;

5)  ғимарат ішінде оқшаулану: қызметкерлер –  кабинеттерде, білім алушылар – сабақ кестесіне сай аудиторияларда;

6)  аудиторияларда белгіленген орындар бойынша отыру тәртібін сақтау;

7)  дәліздерде жүрмеу, ортақ орындарда үш адамнан артық топтаспау;

8)  «Тыныс алу этикетін» сақтау қажет: түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды жабу;

9)  сабақ мезгілінде білім алушының күй-жағдайы болмау белгілері байқалғанда жедел түрде медициналық кабинетке бару;

10)  сабақ аяқталған соң оқу ғимаратынан шығып кету;

11)  респираторлық инфекцияның белгілерін, өзін нашар сезінгенде, үйде қалу. Дене қызуы, жөтел немесе ентігу болғанда, міндетті түрде өзі тіркелген емханада тексеруден өту.

Сақтық шараларын ұстанбаған білім алушылар аудиториялық сабқаққа қатыстырылмайды.