«Бүгінгі студент – ертеңгі маман»

Yessenov University «Бизнес жəне құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» атты университеттің бітіруші студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Шараға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Кадр саясат басқармасының бастығы полиция полковнигі Қ.Н.Бахтыгереев, Кадр саясат
басқармасының Идеологиялық жəне психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция капитаны Н.С.Құдайбергенов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сауаттылықты тексеруге арналған тестілеуден өту ережесі,
медициналық жəне психофизиологиялық куəландыру, полиграфиялық зерттеу, дене дайындығы бойынша нормативтер, ІІО кадр қызметіне ұсынылатын қажетті құжаттар туралы бітіруші студенттерді таныстыру.

Кездесу барысында студенттер құқық қорғау органдарының өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген мəселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға
толыққанды жауаптар алды.