«Атамекен» ҰКП спикерімен бизнес тренинг ұйымдастырылды

16 ақпан күні Yessenov University-де Кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен Startup Bolashak «Менің арманым» ұлттық байқауына қатысушыларына  «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының үздік спикері, «Aqtau Кasip» ЖШС-нің иесі, танымал бизнес тренер Еркін Атабаевпен бизнес тренинг өткізілді. Тренинг барысында кәсіпкер қатысушыларға «Бизнесте өз орынын қалай табуға болады» тақырыбында үздік идеялармен бөлісті, Стартап идея туралы қызықты және пайдалы ақпарат беріп қатысушылар арасында ойындар ойнату арқылы жастарға мотивация берді.

Трениг соңында спикер Еркін Атабаевқа жастарға кәсіпкерлік білім беруде қосқан үлесі үшін Yessenov University ректоры атынан алғыс хат табысталды.