Атабек Тұрсынбековпен кездесу

17 ақпан күні Yessenov University қабырғасына Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Тұрсынбеков Атабек Жолдасбекулы оқу ордасында оқитын өзбекстандық студенттермен кездесу өткізді. 

Кездесудің мақсаты – шетелдік студенттерге елшілік-құқықтық кеңес беру және көмек көрсету болды. Сондай-ақ олардың шекарадан өту тәртібін, студенттердің заңды құқығын және өзге де сұрақтарды талқылады.