Академиялық ұтқырлық

2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және АҚШ-қа бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қосымша  құжаттарды қабылдау жарияланады.

Қабылдау талаптары:

1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

2. 2022-2023 оқу жылы кезінде 2 немесе 3 курс студенті болуы;

3. GPA 2,67 немесе одан жоғары болуы;

4. Кем дегенде B2 деңгейіндегі тілді меңгеру сертификатының болуы 

5. Университет алдында академиялық немесе қаржылық қарыздарының болмауы;

6. Гранттық негізде оқу.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

2) ЖОО мөрі басылған ағымдағы үлгерім бойынша транскрипт;

3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат.

Қажетті құжаттардың толық топтамасы “ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық” тақырыбымен info@yu.edu.kz (көшірмесін alisher.baltabay@yu.edu.kz міндетті түрде) электрондық поштасына 2022 жылдың (қоса алғанда) 29 тамызға дейін жіберілуі тиіс. Немесе қағаз нұсқасында A1204 (12-қабат) кабинетіне тапсырыңы.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7292 788 788 (261).