Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын ғылыми ізденістің негіздерін тереңдете оқыту.
Пәннің міндеттері: “Қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдісі” пәні өзіндік шығармашылық жұмысқа қабілетті мамандардың жоғары жалпы ғылыми және кәсіби дайындығын қамтамасыз етуге негізделген; магистранттарды ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына талдау жасауға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйретунегізделген.
Пәннің қысқаша мазмұны: оқу нәтижесінде алған білімдері негізінде магистранттар жаңа технологиялық қондырғыларды жобалауға және қолданыстағы технологиялық қондырғыларды жаңғыртуға бағытталған инженерлік ойлауды және шығармашылық бастаманы одан әрі дамытуға ие болады.
Курс соңында студент:
– ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми зерттеу әдістерін таңдайды,
– ғылыми зерттеудің инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу үшін өз білімдерін қолданады, ғылыми-техникалық құжаттаманы талдайды және жүйелейді,
– ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды,
– өз көзқарасын талап етеді, өзекті зерттелетін тақырып бойынша мәселені шешуде оппоненттерді сендіреді.