30 қазан күні Yessenov University Ғылыми кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысында

30 қазан күні Yessenov University Ғылыми кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысында ректор Берік Бақытжанұлы Ахметов Yessenov University 2019-2020 оқу жылындағы жұмысының қорытындылары және ұжымның 2020-2021 жылындағы міндеттер туралы кең көлемді баяндама жасады.

Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарын атқаруда жеткен жетістіктен үшін “Ең үздік педагог”, “Ең үздік кафедра” және “Ең үздік факультет” номинациялары бойынша “Есенов төсбелгілері” табысталды.