2021 жылғы рейтингтің қорытындысы

Қуанышты жаңалық!

Құрметті ұстаздар, студенттер! 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірігіп, ҚР ЖОО-ң білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау өткізген болатын. Төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан рейтінгтің 2021 жылғы қорытындысы бойынша Yessenov University білім беру бағдарламалары үздік деп танылды! 

19 критерий арқылы бағаланатын рейтингке университетіміздің 19 білім беру бағдарламасы қатысты. 12 бағдарлама үздік ондыққа және соның ішінде алты білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді:

• 14 ЖОО арасында 1 орын– Физика 

• 34 ЖОО ішінде 1 орын – Физкультура және спорт

• 25 ЖОО арасында 2 орын – Тарих 

• 26 ЖОО арасында 3 орын – Математика

• 17 ЖОО ішінде 3 орын – География 

• 8 ЖОО арасында 3 орын – Жер  кадастрі.

Yessenov University аянбай еңбек етіп келе жатқан профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен студенттерін жұмыс берушілерді тарту арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізген бағалау қорытындысымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл келер жылғы рейтингте бұдан да биік көрсеткіштерге жетелейтін нәтиже!