September 13, 2019

Day

13-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Теңіз Академиясының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында жабдықтарды жаңарту, жүзу практикасы, конвенциялық дайындық курстар бойынша оқыту мәселелері талқыланды.
Read More
«Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Ереженің бекітілуіне байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы Ербол Көбейсінұлы Жұмабай мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының жетекші маман Хакимбек Аймырадұлы Атадусов 35 жастан аспаған профессорлық-оқытушылық құраммен және магистранттармен түсіндіру жұмыстарын...
Read More
Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Инжиниринг” факультетінің студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Студенттерді жасанды интеллект, цифрландыру, шетелдік академиялық ұтқырлық мәселелері қызықтырды. Негізгі тақырыптардың бірі студенттердің стартаптарын іске асыру болды. Студенттер қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алды.
Read More
12-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Инжиниринг” факультеттің оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында факультеттің алдында тұрған мәселелер талқыланып, дуальды оқыту, компьютерлік бағдарламаларды жаңарту, өндіріс орындарында кафедралар филиалын құру, академиялық адалдық және Yessenov University-де инженерлік мамандықтар бойынша оқыту сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Жанаргул Таскинбайкызы 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҰКП «Атамекен» ҚР БҒМ-мен бірлесіп ұйымдастырылуымен өткізілген «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру тренерлерге арналған тренингтен сәтті өтті. Соның нәтижесінде Yessenov University-ге «Бизнес, басқару және құқық» бағыты...
Read More
Yessenov University Теңіз академиясы ынтымақтастық географиясын кеңейтуде. Академияға жұмыс сапарымен UNIKL University Kuala Lumpur проректоры Shahrulniza Musa мырза мен бас менеджері Аnuar Berahim келді. Қонақтар Теңіз академиясының қызметімен, материалдық-техникалық базамен танысты. Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметовпен әңгімелесу барысында университеттердің теңіз факультеттері арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Read More
Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Бизнес және құқық” факультетінің студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер мен университет басшылығы арасында ашық қарым-қатынас орнату. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Ректор оларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Read More
11-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Бизнес және құқық” факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында ректор және профессор-оқытушылар құрамы факультет алдында тұрған міндеттерді талқылап, парасаттылық мектебін құру, бизнес-білімді дамыту және университет аясында ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптары үшін кәсіпкерлік курстарын ашу мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, академиялық адалдық пен жемқорлыққа...
Read More