September 20, 2018

Day

20 қыркүйек күні Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Владислав Трифоновпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында  қонағымыз студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Владислав Трифонов өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы әсер қалдырды. Кездесу соңында ...
Read More
«Инжиниринг» факультетінде «Жер қойнауын игерудің ресурстық, аз қалдықты және экологиялық технологиялар» тақырыбындағы XVII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан ғалымдармен кездесу өткізілді. Жетекші ғалымдар зерттеу тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтты. Кездесу өте жемісті өтті, оқытушылар мен магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Аталған кездесу ғылыми байланыстарды орнату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту алаңына айналды.
Read More
2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Орыс филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер апталығы» аясында «Тіл – достық құралы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға тілдің достық пен ынтымақтастық орнатудағы маңыздылығын, тілдің білім алу, ынтымақтастық қарым-қатынастар жасау үшін қажеттілігін түсіндіру.    
Read More
2018 жылы 20 қыркүйекте «Компьютерлік инженерия» кафедрасының студенттерінің ұйымдастыруымен Workshop «Digital industry» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: egov.kz сайтында электронды үкіметтің қызметтерін пайдалана отырып, ХҚКО-да берілетін анықтамаларды үйде басып шығару мүмкіндігімен студенттерді таныстыру. Студенттер үйде электрондық үкімет қызметтерін пайдаланудың ыңғайлығын атап өтті, себебі ХҚКО жұмысын автоматтандырылғанына қарамастан, қажет анықтаманы алу кезегін күту ұзақ уақытты...
Read More
2018 жылдың қыркүйек айының 19 күні «Жастар үйі» облыстық жастар орталығында «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері Еркін Атабаевтың қатысуымен «Бизнес және құқық» факультеті, «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен Yessenov University студенттеріне арналған «Өзіңнің армандаған бизнесіңді құр» атты тақырыпта семинар-тренингі өтті. Бизнес тренингтің негізгі идеясы – SMART схемасына сәйкес мақсаттарды орнату (мақсатты белгілеу және тұжырымдаудың танымал және...
Read More