Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы байланыс

16 мамыр күні Yessenov University-де “Өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықтың үлгісі ретінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы байланыс” тақырыбында студенттер мен оқытушылардың кездесуі өтті.

Қонақ дәрісін ҚР Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасы Бас консулдығының басшысы Эльмар Маммадов мырза оқып, тыңдаушыларды екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы таныстырды.

Кездесу соңында Әзербайжан Республикасы Бас консулдығының басшысына Yessenov University құрметті профессоры атағы берілді.