Ғылыми жаңғыру: тұлға мұрасы

Yessenov University Сіздерді Академик Ш. Есеновтың 95-жылдығына арналған “Ғылыми жаңғыру: тұлға мұрасы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Өтетін уақыты: 14 қазан, 2022 ж.

Өтетін орны: Ақтау қ., 32-шағын аудан, Есенов университеті, конференц зал (2 қабат)

Конференцияның негізгі мақсаты – Академик Ш. Есеновтің еліміздің ғылымын дамытуға қосқан ғылыми

үлесінің ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін қарау және талқылау; ғылыми идеялары мен мұрасын жан-жақты насихаттау; ғалымның өмірі мен қызметі, ғылыми білімдері мен жетістіктерімен алмасу мақсатында елдің өскелең ұрпағына патриоттық және адамгершілік тәрбие беру үшін ғылыми алаң құру.

Конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қайраткерлер мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысатын болады.