Ел болашағы – жігерлі жастар

18 қараша күні Yessenov University «UNION» Жоғарғы студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен «Ел болашағы-жігерлі жастар» атты облыстық студент-жастар форумы өтті.  

Форумда Маңғыстау облысының білім басқармасы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Кабира Кадырбековна, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Юсуф Қонақбайұлы, UNION президенті Әділбек Усенгалиев, Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенттік парламентінің президенті Нұрланбек Нараддинов және де Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасының басшысы Міржақып Бағдатұлы қазіргі таңдағы жастардың талпыныстары, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған жобалар туралы баяндама оқыды.

Форум екі күнге жоспарланған, 19 қараша күні бірлігімізді арттыру мақсатында өлкеміздегі студент-жастардың басын қосып «Relax day» өткіземіз.

Шара соңында аймақтағы студент-жастардың жастардың түйіткілді мәселелері көтеріліп, оларды шешу мақсатында шешім қабылданатын, сондай-ақ, облыстық студенттер кеңесін құру жөнінде ұсыныстар айтылды.