M19.010

Жылумен қамтамасыздандыру жүйесінің қауiпсiздiгі мен сенiмдiлiгі

Course ID
M19.010
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
2
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты: энергиямен жабдықтау жүйелері жұмысының сенімділігі, қауіпсіздігі мәселелерін игеру. Пән сенімділікті арттырудың негізгі әдістерін қалыптастыруға және энергиямен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін бағалау үшін сенімділік теориясын қолдану мысалдарына бағытталған. Курс техногенді тәуекелді талдау мен бағалауды, тәуекелді бағалаудың негізгі сапалық және сандық әдістерін, сенімділікті бағалау әдіснамасын қамтиды.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– ЖЭС-тің мүмкін болатын жай-күйінің құрамдас қасиеттері мен сенімділік ұғымдарын, істен шығуларды және облыстарын, тозуды бағалау әдістерін, сенімділікті есептеу принциптерін анықтайды;
– графтар теориясын пайдалана отырып, ең төменгі жолдар және ең төменгі қималар әдісімен, жетекті және келтірілмейтін құрылымымен жүйелерді есептеуді жүргізеді.
– жабдықтар мен жүйелер жұмысының сенімділігін бағалайды
– Тиімді жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс істейді