M13.016

Композициялық материалдарды өндіру және өңдеу

Course ID
M13.016
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
3
Credit
6
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: органикалық және бейорганикалық заттардың негізінде композициялық материалдардың құрылымы мен жіктелуін зерттейді. Сондай-ақ физикалық-химиялық қасиеттерін, материалдардың сапасын және олардың практикалық мақсаттарға жарамдылығын ескере отырып, оларды әртүрлі технологиялық процестерде алу мен қолдануды қарастырады.
Пәннің міндеттері: студенттердің жалпы химиялық дайындығын кеңейту және тереңдету, сонымен қатар химиялық ойлауды дамыту;талдау әдістерінің теориялық негіздерін меңгеру;зерттелетін объектінің химиялық құрамы мен құрылымын анықтау бойынша органикалық есепті сауатты қалыптастыра білу; талдаудың оңтайлы әдісін таңдау және талдаудың рационалды сұлбасын құру;
Пәннің қысқаша мазмұны: “Компазициялық материалдарды өндіру және өңдеу” пәні полимерлік композициялық материалдарды (полимерлік композиттер, ПКМ) зерттеуге негізделген. Композициялық материалдардың құрылу тарихы мен себептерімен, сондай-ақ композициялық материалдардың жіктелуімен, металл композициялық материалдардан жасалған жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды алумен танысу

Оқыту нәтижелері

Курс соңында студент:
– композициялық материалдардың қазіргі заманғы мәселелерін шешудің маңыздылығын түсіндіреді,
– полимерлер мен композициялық материалдарды өндіру мен өңдеудің технологиялық сызбаларын жетілдіру және жаңғырту жолдарын талдайды, механикалық қасиеттерін сипаттау тәсілдерін жіктейді; реология негіздерін талқылайды;
– полимерлер мен композициялық материалдарды өңдеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни бағалайды,
– полимерлер мен композициялық материалдарды өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық сызбаларын жаңғырту және жетілдіру жолдарын техникалық міндеттерді шешудің өзінің пайымын көрсетеді.