M13.015

Элемент органикалық полимерлер

Course ID
M13.015
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
3
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: үлкен салыстырмалы молекулалық массаға ие элементорганикалық қосылыстардың негіздерін терең оқыту болып табылады.
Пәннің міндеттері: “элементорганикалық полимерлер” өзіндік шығармашылық жұмысқа қабілетті мамандарды жоғары жалпы ғылыми және кәсіби даярлауды қамтамасыз етуге арналған; магистранттарды жоғары молекулалық қосылыстар мен материалдарға талдау жасауға, алынған білімді практикалық қолдануға үйрету.
Пәннің қысқаша мазмұны: органикалық жоғары молекулалы полимерлерді, құрамында көмірсутекті топтармен қатар органикалық емес фрагменттер бар элементоорганикалық полимерлерді зерттеу. Элементорганикалық полимерлердің түрлерін зерттеу: органикалық топтармен көмкерілген басқа элементтердің атомдары бар негізгі тізбектермен; көміртегі және басқа элементтердің кезектесетін атомдары бар негізгі тізбектермен; көміртегі негізгі тізбектермен, элементорганикалық топтармен көмкерілген көміртекті негізгі тізбектермен.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында студент:
– элементорганикалық полимерлерді өндіру технологиясының маңыздылығын түсіндіреді,
– қарапайым органикалық полимерлер өндірісінің нақты теориялық және аналитикалық технологияларын шешу үшін өз білімдерін қолданады
– Пластикалық массалар мен элементорганикалық полимерлерді өндіру және өңдеу технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды,
– қарапайым органикалық полимерлерді өндіру мәселелері бойынша мәселені, мақсат пен міндеттерді тұжырымдайды, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және таңдауды болжайтын міндеттерді шешуге бағытталған қызметті көрсетеді