M08.027

Web қосымшаларды жобалау және дайындау

Course ID
M08.027
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
2
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән магистранттардың заманауи Web-технологиялар мен қосымша білім салаларын, Web-ресурстарды құру әдістері мен құралдарын меңгеруіне бағытталған; бұлтты технологияларды қолдана отырып Web-қосымшаларды жобалау, әзірлеу, тестілеу; web-қосымшалармен мобильді қосымшаларды интеграциялау, Web-қосымшаларды әзірлеу және өрістету саласында білім алуға бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– бағдарламалық қамтамасыз етуді объектті-бағытталған жобалаумен байланысты негізгі тәсілдерді, ұғымдарды; Интернет желісі жұмысының негізгі принциптерін; HTML, CSS, PHP негіздерін; MySQL МҚБЖ жұмысын және конфигурациялауды біледі;
– пәндік саланы талдайды, ақпараттық қажеттіліктерді анықтайды және АЖ талаптарын әзірлейді, статикалық HTML-беттерді жасайды және CSS стильдер кестесін қолданады; клиенттік сценарийлер (JavaScript) және серверлік қосымшаларды (РНР тілі);
– Microsoft Visual Studio әзірлеу ортасының көмегімен бағдарламалық жүйелерді әзірлеудің біріктірілген ортасы, қолданбалы және ақпараттық үдерістерді, пәндік облысты үлгілеудің аспаптық құралдарымен жұмыстарды көрсетеді;
– бағдарламалаудың, бағдарламалық кешендерді тестілеу мен құжаттаудың заманауи технологияларын, Web-сайттарды әзірлеу дағдыларын қолданады.