M06.008

Машина жасаудағы квалиметрия

Course ID
M06.008
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
2
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән адам қызметінің кез келген түрінің сапасын сандық бағалау және өлшеу проблемаларымен байланысты ғылымның жаңа саласындағы арнайы білімді, дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант: Бұйым сапасын бағалау әдістерін талдайды;
– квалиметрияның теориялық негіздерін қолданады; заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді біледі, сапаны бағалау және басқару саласында әдістемелік материалдарды қолданады;
– өнімнің сапасын талдау тәсілдерін, сапаны статистикалық бақылауды ұйымдастыру және объектілердің (өнімнің, тауарлардың, қызметтердің) сапасын құрайтын күрделі қасиеттерін өлшеу әдістерін меңгереді; сапаны сандық бағалауды есептеу әдістемесін әзірлейді;
– өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер номенклатурасының негіздемесін жүргізеді; өнімнің, процестің немесе қызметтің квалиметриялық талдауын негіздейді; объектілердің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін әзірлейді; қорытылған сапа көрсеткіштерін құру принциптерін сыни бағалайды және оларды стандарттау және сапаны басқару міндеттерінде пайдалану шарттарының негіздемесін орындайды; сапаны сандық бағалауды жүргізеді;
– бағалау нәтижелерін өңдеу әдістерін, өлшеу шкаласы мен өлшеу мәліметтерінің табиғатына барабар қолдануды дәлелдейді; халықаралық деңгейге сәйкес келетін объектілердің сапасын бағалау және жоспарлау әдістемесін әзірлейді, игерілген теориялар мен концепцияларды сыни бағалайды, жинақталған тәжірибені қайта зерделейді;
сапаны бағалау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұжым мен жеке тұлғалардың дербес жұмысын ұйымдастырады