M06.003

Инновациялық қызметпен ғылыми-зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру

Course ID
M06.003
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
1
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән мұнай-газ машина жасау саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару саласындағы негізгі ұғымдар мен анықтамаларды зерттеуге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– жаңа технологиялық сұлбаларды жобалайды, қолданыстағы технологиялық сұлбаларды жетілдіреді және жаңғыртады, тәжірибелік жолмен технологиялық параметрлерді анықтайды және таңдауды жүргізеді, жабдықты таңдауды есептейді;
– мұнай-газ машина жасауда жобалаудың, ғылыми зерттеудің және инновациялық қызметтің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалайды.
– машина жасаудың әртүрлі салаларындағы жобалау-конструкторлық, ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық, инновациялық қызмет туралы білімдерін көрсетеді;
– алдыңғы қатарлы ғылыми әдістер мен техникалық құралдардың мүмкіндіктерін бағалайды және оларды машина жасау кешенінің проблемаларын жедел шешу үшін қажетті деңгейде қолдануға қабілетті;