M013.017

Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы

Course ID
M013.017
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
3
Credit
6
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: полимерлерді қайта өңдеу процестерінің физика-химиялық мағынасын түсіну және теориялық білімдерін кешенді инженерлік қызметте қолдану.
Пәннің міндеттері:технологиялық процесті регламентке сәйкес жүзеге асыру және технологиялық процестің негізгі параметрлерін, шикізат және өнім қасиеттерін өлшеу үшін техникалық құралдарды қолдану; химиялық процестің негізгі сипаттамаларын есептеу.
Пәннің қысқаша мазмұны: курс химиялық технологияны, процестер мен аппараттарды, химиялық өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптерін, оның құрылымын, өндіріс тиімділігін бағалау әдістерін, химиялық процестердің жалпы заңдылықтарын, химиялық реактордағы процесс теориясының негіздерін, реакторды таңдау және процесті есептеу әдістемесін, химиялық және мұнайхимиялық технологиялардың реакциялық процестері мен реакторларын зерттеуге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында студент:
– полимерлерді өндіру мен өңдеудің заманауи мәселелерін шешудің маңыздылығын түсіндіреді;
– полимерлер мен композициялық материалдарды өндіру мен өңдеудің технологиялық сызбаларын жетілдіру және жаңғырту жолдарын талдайды, механикалық қасиеттерін сипаттау тәсілдерін жіктейді;
– полимерлер мен композициялық материалдарды өңдеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни бағалайды;
– полимерлер мен композициялық материалдарды өндіру және қайта өңдеудің технологиялық схемалары.шешім тәсілдерінің алуан түрлілігін және таңдауды болжайтын міндеттерді шешуге бағытталған қызметті көрсетеді.