M.006

Зерттеу тәжірибесі

Course ID
M.006
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
4
Credit
12
Method

Мазмұны

Пән мұнай-газ машина жасау саласындағы зерттеуге бағытталған; отандық және шетелдік зерттеушілердің алған нәтижелерін қорытындылау және сыни бағалау, перспективалы бағыттарды анықтау; таңдалған зерттеу объектісі үшін ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын көрсету; бағдарламаны өз бетінше әзірлеу және ғылыми зерттеу жүргізу.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант: магистрлік диссертация тақырыбы бойынша іргелі, патенттік және мерзімдік әдебиеттің, нормативтік және әдістемелік материалдардың байланысын анықтайды;
– зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды және жүйелейді, ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін сыни бағалайды;
– таңдалған зерттеу әдістерін қолданады, эксперименталды деректерді талдау және өңдеу әдістерін таңдайды;
– магистрлік диссертацияда қолдану үшін практикалық материалдарды жинақтауды дәлелдейді, жүйелеуді және қорытуды жүргізеді, жүргізілетін зерттеулердің ғылыми және практикалық маңыздылығын талдайды
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде қажетті қолданбалы ғылыми пакеттер мен редакторлық бағдарламаларды пайдаланады.