D05.004

Ұңғылардың өнімділігін арттыру үшін қолданылатын физикалық-химиялық тәсілдер

Course ID
D05.004
Campus
24 мкр.
Level
Докторантура
Semester
1
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты – ұңғымалардың өнімділігін арттыру үшін физика-химиялық әдістермен және технологиялармен танысу. Курс физика-химиялық әдістер мен технологиялардың технологиялық үрдістерінің қолдану критерийлерін; белгілі бір әдісті қолдану тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастырады. Пән мұнай және газ өндіру кезінде туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын; кенішке физикалық-химиялық әсер етудің мәні мен технологиясын зерттеуді қамтиды.

Оқыту нәтижелері

Ұңғымалардың кенге және кенжар маңындағы аймаққа әсер етудің қазіргі заманғы физика-химиялық әдістерін жіктейді; мұнай кен орындарын игеру практикасына әсер етудің қазіргі заманғы физика-химиялық әдістерін қолдануды талдайды; физикалық-химиялық әсер ету әдістерін қолдану кезінде кен орындарын игерудің технологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін есеп жүргізеді; технологиялық процеске енгізу үшін оны ұсыну мақсатында белгілі бір технологияның тиімділігін бағалайды; мұнай кен орындарын игерудің белгілі бір шарттары үшін нақты физика-химиялық технологияны қолдануды негіздейді.